"АБАЙ - ДАНА, Абай - дара қазақта" » №5 Крупская атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№5 Крупская атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-69-52
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-69-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "АБАЙ - ДАНА, Абай - дара қазақта"
30
декабрь
2019

"АБАЙ - ДАНА, Абай - дара қазақта"

Адам баласының бәріне ортақ дүниежүзілік мәдениет
әрбір халықтың алдыңғы қатарлы ой-пікірлерінен,
ұлы ақындар мен ойшылдардың шығармашылық
байлығынан құралатыны белгілі. Ұлылар өз халқының
рухани мәдениетін бүкіл дүниежүзілік озық үлгерімен
табыстырып, оған өз ұлтының өзіне ғана тән ерекшіліктерін,
ой-пікір байлығының сөз өнерінің үлгісін қосады.
Абай - қазақ халқының осы топқа қосқан ұлы ақыны,
классигі. Сондықтан біз оның ұлт мәдениетіндегі орнын
өзі тектес ұлылармен ғана салыстыра қараймыз.


Осыған орай ұлы ақынның өнегелі өміріне, шығармашылығына шолу жасау мақсатында Цемзауыт мәдениет үйінде №5 орта мектебінің ұстаздарының дайындауымен және мәдениет үйінің әншілерінің қатысуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында "АБАЙ - ДАНА, Абай - дара қазақта" атты әдеби сазды кеш өтті.
Әдеби кешке аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Әлімбет, "Әлжан ана" ауылының тұрғыны, зейнеткер А.Ыдырысқызы, №3 орта мектебінің ұстаздарымен оқушылары, Цемзауыт аулының тұрғындары мен ата-аналар шақырылды. Кешті мектеп директоры Ғ.Шарипова және Б.Әлімбет құттықтау сөздерімен ашып, онда ақын өміріне арналған бейне материалдар, сонымен қатар шығармашылығына қатысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш барысында ұлы ақынның өлеңдері мен әндері орындалып, қара сөздері жатқа айтылды. Жас оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беріп, одан кейін мектеп оқушылары Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Кеш соңында А.Ыдырысқызы өлеңін оқып, мектеп кітапханасына "Өлеңмен өрілген өмір" атты өзінің кітабын тарту етті.


"АБАЙ - ДАНА, Абай - дара қазақта"
"АБАЙ - ДАНА, Абай - дара қазақта"
"АБАЙ - ДАНА, Абай - дара қазақта"

Похожие публикации:

04 январь 2019 ГОС стандарт